21 сәуір күні «Алматы – Бішкек» тас жолының 86-шақырымында Range Rover көлігі аударылып, төрт адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі CMN порталына сілтеме жасап.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.
«Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам ауруханада қайтыс болды», – делінген департамент хабарламасында.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру