Алматы облысында туристері бар автобус аударылды

Алматы облысында туристер бар автобус тік бұрылыста жолдан шығып кетті, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға 27 мамырда сағат 10.20 Кеген ауданында болды. Алдын ала ақпарат бойынша, автобус «Қазавтожол» желісіне жататын «Аласа» асуының тік бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына тез арада екі жедел жәрдем бригадасы шықты.

Автобуста 37 адам болған. Кеген аудандық ауруханасына бес адам, Жалағаш аудандық ауруханасына және Шелек ауылына 20 адам жеткізілді. Барлық пациенттер түрлі дене жарақаттарын алды. Зардап шеккен төрт адамның жағдайы орташа дәрежеде, қалғандарында — тұрақты.

Полиция тергеуді бастады. ЖКО-ның нақты себебі әзірге белгісіз.