Алматы облысында «Тұйық» шахтасының жұмысы тоқтатылды

Алматы облысының прокуратурасы Кеген ауданындағы «Тұйық» қорғасын кен орнында өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу деректерін анықтады.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, тексеру барысында шахта бекіністерінің деформациясы мен зақымдануын, шатыр мен борттар бойынша тау массасының бөліктерінің қатып қалуы, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалының паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың болмауы анықталды.

«Анықталған бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына қайтымсыз әсер етуі мүмкін және нақты құлау қаупін тудырды. Осыған байланысты, прокуратураның үйлестіруімен өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ӘҚБтК-нің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) әкімшілік іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен шахтаның қызметі анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...