Нашақорлық пен есірткі мәселесі қоғам үшін әрдайым өзектілігін жоғалтқан емес. Қазіргі уақытта жағдай есірткінің әдеттегі түрлерінен түбегейлі ерекшеленетін «синтетикалық есірткі» деп аталатын жаңа психоактивті заттардың пайда болуымен күрделене түсті.
Қазіргі заманғы синтетикалық есірті арзан , сондықтанда олар қолжетімді. Бүгінгі күні есірткі сатушылар өнімдерін сату үшін интернет алаңын белсенді қолдануда.
Жастар әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары болып табылады. Есірткі таратушылар, жастарға өздерінің айла-шарғысын жасауы өте оңай екенін түсініп, әлеуметтік медианы есірткіні жарнамалау, сату үшін пайдаланады.
Мұндай сайттарда немесе мессенджерлерде есірткіні сатудан басқа, ақша табу қаншалықты тез және оңай болатындығы туралы ақпарат таратылады. Осылайша, есірткі сатушылар кәмелетке толмағандар мен жастарды есірткі сатуға тартады.
Бүгінгі күні Алматы облысының аумағында синтетикалық есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 27 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі тіркелген.
Оның ішінде, синтетикалық есірткілерді өткізудің 9 және синтетикалық есірткілерді аса ірі мөлшерде сақтаудың 7 дерегі анықталды.
«Ағымдағы жылдың басынан бастап Талғар ауданы мен Қонаев қаласында синтетикалық есірткі түрлерін дайындаумен айналысқан екі есірткі зертханасы анықталды.Жалпы алғанда 20 килограмға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді, оның ішінде «мефедрон»деп аталатын ұнтақ түріндегі есірткі басым»,-дейді Алматы облысы есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Қазбек Әділбекұлы.
Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 35 адам ұсталды, олардың біреуі кәмелетке толмаған.
Қазбек Әділбекұлының айтуынша, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есірткі тәртібін бұзудың 199 фактісі тіркелген, оның ішінде 48 есірткі құралдарын өткізу фактісі, аса ірі мөлшерде сақтаудың 15 фактісі, құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірудің 10 фактісі және есірткі құралдарын заңсыз жарнамалау мен насихаттаудың 5 фактісі анықталған.
Есірткі заттарын сатқаны үшін кем дегенде 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар екенін атап өтеміз. Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Қаперіңізде болсын, есірткі-ғасыр індеті. Кез келген сәтте бар ғұмырыңыздың астаң-кестеңін шығару мүмкін.
ПІКІР ЖАЗУ