Алматы облысында Асқар Забикулин атындағы әскери-патриоттық клуб ашылды

inform.kz

Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт кезінде бірнеше адамның өмірін сақтап қалған Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубының салтанатты ашылуы өтті.

«Әскери-патриоттық клубты ашудың мақсаты өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттық тәрбиелеу, білім алушылардың туған халқына деген құрмет пен сүйіспеншікке тәрбиелеу, мақтаныш пен патриоттық сезімге баулу болып табылады», — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Клубтың ашылу салтанатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің құттықтауының бейнетрансляциясы өтті, онда ол Алматы облысы білім басқармасының қызметкерлеріне, Абай атындағы мектеп-гимназияның педагогикалық құрамына, ата-аналар ұжымы мен оқушыларға жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерінде атқарған жұмыстары үшін үлкен алғысын білдіріп, жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ, ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы азаматтық қорғау генерал-майоры Нұрболат Дербісов, Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева, қаза тапқан батырдың жұбайы Анель Забикулина, Ұйғыр ауданының құрметті азаматтары құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында Жас өрт сөндірушілердің ант қабылдау рәсімі және Асқар Забикулинге арналған «даңқ бұрышының» ашылуы өтті. Салтанатты жағдайда құрметті қонақтар лентаны кесіп, гүл шоқтарын қойды.

«Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен қаруланған өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндіру-құтқару жабдықтарының көрсетілімі ұйымдастырылды. Балалар өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін көріп, үлкен ықыласпен оқып, сұрақтар қойып, өрт сөндіруші мамандығына қатысқандарын мақтан тұтты», — деп толықтырды өңірдің ТЖ департаментінде.

 

Ақпарат: inform.kz