Сіздер өзі жұмыс істейсіздер ме? Бұл сұрақты блогер зардап шегушінің атынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жолдады.
Алматы облысы мен Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімдерінің былықтарын фотомен, дәлелдермен жұрт тегтеп тұрып жариялап жатыр.
«Астанаға бәрі жақсы деген есептеріңді қай беттеріңмен жібересіңдер? Өткенде ғана әкесі қайтыс болғанда әріптестері батаға жинап берген 40 мың теңгені пара ретінде алды деп, сотқа сүйреп, 1 жарым миллион теңге штраф салып жұмыстан шығардыңдар. Қырық мың теңгені 8 ай тергеп, дым таппадыңдар. Бірақ, байқұс қыз бәрібір істі болып кетті», — деп жазды ол.
Белгілі болғандай, сол Зарима Қожмамбетоваға жұмыс істеген 2023, 2024 жылдары зейнетақы аударылмаған. Екі жыл бойы МӘМС-ке ақша аударылмаған. Бұл тек Заримаға ғана аударылмаған ба?
«Еңбекшіқазақ ауданындағы мұғалімдер! Зейнетақы мен МӘМС-теріңізді тексеріңіздер Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімін тексеріңіздер. Айта-айта шаршадық. Айқайлай айқайлай қасқырдан да ұят болды дегеннің кері келіп тұр», — деп қосты Оңғар Қабден.
Бұл мәселе бүгінде өте өзекті болып тұр деп жазды Зарима Қожмамбетова. Оның айтуынша, барлық мектептерде 100% орын алып жатқан жағдай бұл.
«Желтоқсан айында бір мұғалім сатыдан құлап ауруханаға барған кезде, дәрігерлер қараудан бас тартқан. Сақтандыру төленбеген деп жауап берген. Бас есепшіге хабарласқан мұғалімге білім бөлімінің жауапты мамандары «ауырмай тұра тұрыңдар, ақша жоқ деп» қайтарған.
Аяғы ауыр тағы бір мүғалім декреттік демалысқа шыға алмай отыр. Себебі зейнетақы төлемдері түспеген деп жауап беріпті ХҚКО. Бұл былықтардың барлығына аудандық білім бөлімдері жауапты», — дейді Зарима Қожмамбетова.«Менде сол бөлімде ұзақ жылдар бойы жұмыс жасадым. Әлеуметтік төлемдер, МӘМС-ке тиісті аударымдар ара-арасында жүргізілмей қалған кездері бар екен. Сол себептен аталмыш Білім бөлімін қадағалауға алып, туындаған мәселеге май шаммен зерттеулер жүргізуге қажеттілік бар екеніне менің де жағдайым дәлел болып табылады», — деп қосты Гүлназ Асанова.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру