Сәуір айында Алматы мен Астанадағы жаңа тұрғын үйлер бағасы айтарлықтай қымбаттады. Алматыда бұл – 2023 жылдың қыркүйегінен бергі ең жоғары айлық өсім болса, Астанада мұндай серпіліс 2022 жылдың қарашасынан бері алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты DATA HUB Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Аналитиктердің мәліметінше, сәуірде Алматыдағы жаңа тұрғын үйлердің бағасы бірден 3,4%-ға өскен. Бұл көрсеткіш соңғы жеті айдағы ең жоғары өсім болып отыр. Жалпы алғанда, бұл сегменттегі баға қатарынан сегізінші ай бойы өсіп келеді.
Астанада баға өсімі сәл төмен – 2,5%. Алайда елорда үшін бұл да маңызды көрсеткіш, өйткені мұндай серпінді өсім соңғы рет 2022 жылдың қарашасында байқалған.
Жыл басынан бері бағаның жалпы өсімі Алматыда +7,8%-ды, ал Астанада +4,4%-ды құрады. Сарапшылардың айтуынша, дәл осы екі қалада елімізде пайдалануға берілетін көпқабатты тұрғын үйлердің басым бөлігі шоғырланған.
Мамандардың пікірінше, бұл үрдіске құрылыс материалдарының қымбаттауы, сұраныстың артуы және шектеулі ұсыныс әсер етіп отыр.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру