Алматыда дәмханалардың бірінде ер адамдар арасындағы кикілжің соңы атыспен аяқталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, кафелердің бірінде ер адамдар дауласып, ауызша төбелес физикалық күш көрсетуге ұласты. Төбелес кезінде олардың бірі травматикалық қару қолданған.
«Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай ұсталды» және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық тапанша тәркіленді. Істің басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ