Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында құқық қорғаушылар қалалық әкімдіктің бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуы туралы айтып берді.
Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев әкімдікке қарсы сотта белсенді Жәмилә Бурабаеваның мүддесін қорғады.
«2022 жылдың қаңтарында Қантар барысында мүгедектігі бар әйелге әкімдік мүгедектердің құқықтарын қорғау тақырыбында төрт рет жеке пикет өткізуден бас тартты. Ал 30 желтоқсанда Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты да Бурабаеваның әкімдікке талап арызын қанағаттандырудан бас тартты», — деп мәлімдеді құқық қорғаушы.
Құқық қорғаушылар қала билігі бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң нормаларын азаматтық белсенділердің құқықтарын шектеу және оларға қарсы қуғын-сүргін құралы ретінде пайдаланады деп есептейді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру