Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алып, пышақпен қорқытқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында ер адамның Алматы қаласының 67 жастағы тұрғыны екені анықталды.
“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін пышақ ұстаған ер адамның Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы хабарлаған едік. Желіде оқиға орнынан видео пайда болған. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру