Алматылық кепілге адам алған ер адамға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды
Ер адам екі айға қамауға алынды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оған қатысты үш қылмыстық іс қозғалды: кепілге адам алу (7-12 жыл түрме), қару қолданып бұзақылық жасау (3-7 жыл түрме), терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (5 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру).
Тергеу жалғасуда, ал елдің әуежайлары мен вокзалдарында қауіпсіздік жүйелерін тексеру жүргізілуде.
ПІКІР ЖАЗУ