Имам Жарқын Мырзатай Құран сүресін рэп етіп оқыған блогердің әрекеті туралы өз ойын айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info.
Жарқын Мырзатай Juzzefina-ның қай аят оқығанына назар аударды.
— «Сен көрмедің бе дінді өтіріксінгендерді?» дейді. Алла Тағала ұстаз емес, діни маман, имам, молда емес, блогер арқылы адамдарға ескерту жасап жатыр.
Дәл сол аятты мен оқысам, ондай қаралым болмас еді. Ана қызға осы аятты Алла Тағала оқытып тұр, және интернетті шулатып, бүкіл Қазақстан, басқа елдер де көріп жатыр. Алла Тағала блогер арқылы адамдарға дінді жеткізіп жатыр. Не дейді? «Сен көрмедің бе дінді өтірікке шығарғандарды?» дейді, ескерту жасап жатыр.
Бұл блогерлерге де ескерту. Бәлкім сол қыздың өзі де осы ісінен кейін тәубе етіп, тура жолға түсіп кетер. Ағайындар, имам, молдалар емес, блогер қыздардың өзі дінді таратып отыр. Алла Тағала кез келген адаммен дінді тарата алады. Алланың құдіреті… Біз осыны ескерту деп түсінуіміз керек, — дейді имам.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ