«Алла бәрін көріп тұр»: Мұса Әбдірайым өзін сынағандарға жауап берді

Фото: instagram.com/abdraimov_musa

Алматы әуежайының қызметкерін қарулы ер адамнан құтқарып қалған Мұса Әбдірайым қазақстандықтардың айыптауына жауап берді. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме хабарлайды.

Бұған дейін Алматы әуежайында болған оқиғаны көпшілік “қойылым”, “Тасмағамбетовтің мәлімдемесіне орай ұйымдастырылған спектакль” деп атады. Ал қызметкерді құтқарып қалған азамат Мұса Әбдірайым қоғамның сыны мен қолдауын бірдей қабылдайтынын айтты.

«Бұл оқиға туралы әркім әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі шексіз алғысын жеткізсе, енді бірі сынап, жағымсыз сөздер айтып отыр. Алла бәрін көріп тұр. Көптің аузына қақпақ бола алмайсың. Кім не айтқысы келсе, соны айтсын», – деді Мұса Әбдірайым.

Мұса Әбдірайым әуежайдағы жағдайды спектакль немесе фильм желісі деп сынағандарға жауап берді.

«Кейбірі мұны фильм деп айтып жатыр. Бұл қандай фильм? Мұндай нәрсені түсіру мүмкін емес. Тіпті елестету мүмкін емес нәрсе», – деді ол.

Ол шындықтың өз жағында екенін, біреуді сендіруге тырыспайтынын жеткізді.

Сондай-ақ ол Тоқаев табыстаған марапат туралы сөз қозғады. Ол өзін батыр деп санамайтынын, сол сәтте қызды құтқаруды ғана ойлағанын жеткізді.

«Қыздың тезірек босап шыққанын қаладым. Оны жібергенін көргенде, иығымнан жүк түскендей болды. Қатты қуандым. Ол кезде жарақат аламын-ау деп те ойламадым», – дейді ол.

Мұса сынды сабырмен қабылдап, адамдардың даттаушылар мен мақтаушылар болып екіге бөлінетінін айтты. Ол үшін ең маңыздысы – аман қалған әуежай қызметкерінің өмірі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…