«Қазселденқорғаудың» бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевты ақтау үкімінің жойылды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
«25 шілдеде Алматы облыстық соты ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Кәрім Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар, Кәрім Көкрекбаев сот залында қамауға алынды», — делінген хабарламада.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қаралды.
«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К. мен оның орынбасары А. өздерінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері мен әрекетсіздігі үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін айыпталды (ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы). Сонымен қатар, К.-ға бір әрекеттерді бірнеше рет жасағаны үшін айып тағылды (ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі). ЖШС директоры П.-ға алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік залал келтірді, ұрлық белгілері болмаған кезде, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, ірі көлемде зиян келтірді (ҚК-нің 195-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) және лауазымды тұлғаға жеке басына аса ірі мөлшерде ақша түріндегі пара берді деген айып тағылды (ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі)», — деп хабарлады Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін лқабилер соты бірнеше рет пара алды деп айыпталған «Қазселденқорғау» экс-басшысын ақтап шығарған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ