Қазақстандық жас әнші Ержан Максим ән байқауларында жеңіп алған сыйақыларын қайда жұмсағанын еске алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Голос. Дети» байқауында маған, әрине, 1 миллион рубль берді. Ол кезде 8 миллион теңге болатын. Сол 8 миллион теңгеге үйдегі барлық кредитті жаптық.
Содан кейін әкеме көлік алып бердім. Сондай бір күшті, керемет сезім болды сол кезде. Сол байқаудан кейін, әрине, бір ағаларым болды. Ол кісілер iPhone, iPad, MacBook берді. Жалпы техниканы көп алғанмын», — деді ол Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы 1001 түн бағдарламасының эфирінде.
ПІКІР ЖАЗУ