«Алғаш рет айтып тұрмын»: Кенжебек Жанәбілов құпиясын ашты (ВИДЕО)

Фото: жеке парақшасынан

«Музарт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов «1001» түн бағдарламасында қонақта болып, еш жерде айтпаған сырын бөлісті, деп жазады ozgeris.info сайты.

«4 жасымда әкем дүниеден озды. Содан бері анамның өсиетін тыңдап өстік. Өнер анамның бойынан дарыған. Мектеп қабырғасында жүргенде тек өнер емес, еңбекке жақын болдым. Жетінші ме әлде сегізінші сыныпта ма жер аударып, қауын-қарбыз да ектім. Өте еңбекқор болатынмын. Бұл туралы алғаш рет айтып отырмын. Сол кезде анам осы бала бәріңді асырайды деп айтатын», — дейді әнші.

Десе де, эстрада жұлдызы өнер жолын таңдамаса, спортшы болуы мүмкін екенін айтты. Әнші мектеп кезінде спортпен оның ішінде бокспен шұғылданған.

«Бір жыл мектепке бармай, спортпен айналыстым. 1,5 жыл бокспен шұғылдандым. Ол кезде артық салмағым болатын, 6 айдың ішінде 35-40 килограмм салмақ тастадым. Мектептегі қыз-жігіттер мені танымай қалды. Егер өнерге келмесем, спортпен айналысатын едім», — дейді әнші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)