Алексей Луценко «Astana Qazaqstan Team» велокомандасымен келісімшартын ұзартты

Команданың 28 жастағы жетекшісі алдағы үш маусым бойы (2022-2024) ұлттық веложобаның намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Мен кәсіби мансабымды қазақстандық «Астана» командасында одан әрі жалғастыратыныма өте қуаныштымын. Командада өткізген жылдар ішінде мен көшбасшы деңгейіне дейін жеттім. Енді мен әрі қарай дамуды жалғастыру үшін жауапкершілік, ынталандыру, жаңа жетістіктерге ұмтылу және көшбасшылығымды әр жолы жаңа жеңістермен дәлелдеуім керек. Биыл жалпы есептегі сайыста, сондай-ақ «Критериум дю Дофине» мен Гранд-Турлар сияқты үлкен апталық жарыстарда жақсы нәтиже көрсеттім. «Тур де Франстың» жалпы есебінде жетінші орын иеленгенім болашақта жеңіс тұғырынан көрінуге мені жігерлендіреді. Сонымен, жаңа маусымды «Астана» командасымен бірге жаңа мақсаттармен бастаймын. Жоба менеджерлерімен және бапкерлермен бірге негізгі мақсаттарды дұрыс айқындай алатынымызға сенімдімін. Содан кейін біз қалаған мақсатымызға жету үшін бар күшімізді саламыз», — деді Алексей Луценко.

«Астана» кәсіби спорт клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, құрылтайшысы – Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры

Оралбай МЕРГЕНБАЙҰЛЫ