Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Александр Шевченко Рим мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін әлемнің 36-ракеткасы, Мажарстан өкілі Фабиан Марожанмен өткізді.
Шевченко 6:3, 6:2 есебімен айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
Бір сағат 11 минутқа созылған бәсеке барысында Александр 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Александр Шевченко үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік Карен Хачановпен шеберлік таластырады.
Жарысты екінші айналымнан бастайтын Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бубликтің де қарсыласы анықталды. Ол дүниежүзілік рейтингіде 53-орында тұрған португалиялық Нуну Боржешпен ойнайды.
Фото: ҚТФ
ПІКІР ЖАЗУ