Қаскүнемдер зейнеткерге телефон арқылы хабарласып, өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырған. Ер адам олардың айтқанына иланып, өз атына несие рәсімдеп жіберген.
Телефон шалғандар қарияға сіздің атыңыздан біреу несие рәсімдегелі жатыр деп хабарласқан.
Несие алынбас үшін өзге екі банкке өтінім берілуі керегін түсіндірген.
«Зейнеткер қаскүнемдердің сөзіне сеніп, берген нұсқаулықтарының бәрін орындаған. Сөйтіп өз атына екі бірдей банктен жалпы сомасы 4 201 198 теңге несие рәсімдеген. Әрі оны көрсетілген есепшотқа аударып қоя берген. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктінің жеке басын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Тәртіп сақшылары тұрақты ескертулерге қарамастан егде жастағы адамдар алаяқтардың құрығына жиі ілігетінін айтады.
ПІКІР ЖАЗУ