Абай – Қазақстанның әдеби бренді, гуманистік идеялармен нағыз адам мұратын қалыптастырған тұлға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған өзінің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай Құнанбайұлының ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды», – дейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылдан бастап 10 тамыз Абай күні болып белгіленген болатын.
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында 10 тамызда Абай күніне арналған Жұлдызбек Жұманбайдың режиссерлігіндегі «Күн артынан күн туар» атты театрландырылған танымдық музыкалық кеш өтті. Театр директоры — Ринат Заитов.
Кештің мақсаты: Абай атамыздың кемелденген шағындағы ойларын көрініс арқылы ұсыну, қазіргі қазақ қоғамы, ХХІ ғасыр жастарына адами құндылықтарды насихаттау.
Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі
ПІКІР ЖАЗУ