«Алатау» дәстүрлі өнер театрының ел ішіндегі тұңғыш гастрөлі

gov.kz

 

Қазақ қоғамының қоғамдық санасының көркем формасы саналатын дәстүрлі өнер – ұлтымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы. Әлемге мейманамыз тасып көрсете алатын Ұлы дала елінің бренді.

Келешекке нық қадам басқан «Алатау» дәстүрлі өнер театры өзінің бағыты бойынша Қазақстанда, тіпті Орта Азияда баламасы жоқ бірегей театр. Театр мақсаты – падиша дәстүрлі өнеріміздің қанатын кеңге жаю. Көрермендердің дәстүрлі өнер ордасына деген ынта-ықыластарының күннен-күнге артып келе жатқанын әлеуметтік желілер, баспасөз беттерінен және т.б. көруге болады. Бұл ұлт рухының жаршысына айналған Театр үшін ғана емес, күллі қазақ үшін үлкен абырой.

Ринат Рифхатұлы Заитовтың басшылығындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры 2022 жылдың 10-26 маусым аралығында «Әгугай мен Игигай» атты халық ертегілері мен дәстүрлі әндерден құралған балаларға арналған музыкалық қойылым (2022 – Балалар жылы аясында), «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші, айтыскер ақын Ринат Заитовтың «Мен сендерді жақсы көремін, адамдар» атты музыкалық кеші, сондай-ақ «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен (премьера) Нұр-Сұлтан, Павлодар, Екібастұз, Семей, Өскемен, Абай және Аягөзге гастрөлдік сапарлармен баруды жоспарлап отыр. Бұл сапардың Театр үшін тұңғыш рет екенін айта кеткен жөн.

Төл өнерімізді төрге өрлетер Алатау» дәстүрлі өнер театрының гастрөлдік сапары оңынан болғай!

 

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!