Алаштың ортасы-Қараөткел !
(Ә.Бөкейханов)
Орыстың алғашқы құжаттары, Ақмола дуанының орталығы Қараөткел ! Кемі мың жыл тарихы бар қала !
Өз атауын бұл қала ертелі-кеш қайтармай қоймайды. Қымбатты астаналық достар өздеріңе көшіріп алып, қабырғаға іліп қойсаң да болар еді.
Жалпы біз адам атын, баяғыда сондай этнос болды екен этнос атын елді-мекенге қойғаннан тиылуымыз керек. Қазақ жерінің әр шаршы см өз атауы бар. Паволодар — Кереку (кереку жар/ кереге жар), Петропавл -Қызылжар, Орал -Теке, Өскемен -Дом қала, Қызылорда-Ақмешіт т.б.
Қазір билігі жүріп тұрғанымен адам бұл өмірге қонақ, артында- жақсы-жаманын халық өзі айырады, ертелі кеш !
Ал тарихи этнос атауларын шынайы қалпына келтіру ол да қиын, қимақ па, кемек пе, көмек пе ?
Тіпті кемек болған күннің өзінде де,ол қандай мағына береді ?
Мен кем — өзен деймін, біреу басқа дейді ! Әр жердің өз тарихи атауын сақтауға күш салайық !
Профессор
Жамбыл Артықбаев
ПІКІР ЖАЗУ