Қоғам қайраткері, этнограф Серік Ерғали Facebook парақшасында «Алғыс айту күніне» қатыст өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.
«Қазақта рақмет деген сөз де, оңды-солды алғыс айту да бола қоймаған. Ол — қазақтың «неблагодарныйлығынан» емес. Керісінше қазақ үшін жақсылық істеуді қайтарым күтпейтін, кәдуілге сіңісті моралды болғандығынан. «Рақмет» сөзінің өзі бертінде, бәлкім совет дәуірінде пайда болған калька болу керек: «Спаси, боже» секілді — «Рақым ет!» Қазақта ежелден бері келе жатқан алғыс сөзі «Сау бол!» Бұны көбіне кә»зір батыс жақта айтады. Әзербайжандарда оғыздардан бері келе жатқан нұсқасы бар: «Сау ол!» Төріктерде жақсылық жасау сауап жинаудың бір тәсілі — ол үшін «рақмет» керек емес.
Қазақ істеген ісіне рақмет күтуді ерсі көрген халық. Алғыс алудан ұялған халық. Керісінше оның орнына бата алуға құмартқан халық! Сол себепті бір күнді Алғыс айту күні деген суайт шешім де қазаққа мүлдем кереғар ерсі нәрсе!» деп жазды ол.
ПІКІР ЖАЗУ