«Ақымақтық»: Қоғам белсендісі Мақпал Жүнісованы сынады

Фото: ашық дереккөзден

Қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы халық әртісі Мақпал Жүнісованың әлеуметтік желідегі жазбасына қатысты пікрін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Мақпал Жүнісова көпшілікке алғыс айтып, ішкі сырын жазған еді.

«Сіздердің қолдауларыңыз мені жамандықтан сақтады. Өмірмен қоштасып жатқан едім. Көрер жарығым бар екен. Кешіріңіздер, жақсыларым! Енді еркелемей тыныш жүремін. Бәріңізге басымды иіп алғыс айтамын!» – деп жазды әнші.

Оның 60-тан асқанда бұлай еркелегені қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызына жақпай қалған.

«Жалғыз қалған әйел, әнші, ақын, жазушы, өнерпаз аз ба?! Бағланова, Төлегенова, Рымбаева, Есқалиева, Нұрмағамбетова, Құлышева, Самединова, Бибіажар… Әншілерден басқа, театр әртістері қаншама! Ақын қыздар мен жазушы, журналист қыздар қаншама! Еркеліктің де жөні болады. 60-тан асқанша «ерке қызбын» деп, шолжаңдау – еркелік емес, ақымақтық…», – деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова жақында видео жариялап өзінің бір литр қымыз ішкенін, мас емес екенін айтқан.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...