Ақтөбедегі сұмдық: Кепілге алынған қыздың ата-анасы көз жұмды

Фото: видеодан скрин

Ақтөбеде бейтаныс үйге басып кіріп, бойжеткенді кепілге алған күдікті ұсталды. Үйде бойжеткеннен бөлек ата-анасы да болған, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі кепілде болған адамдардың түгел босатылғанын хабарлады.

«Кепілге алынған әйелді босату операциясы сәтті өтті. Күдікті ұсталды. Жәбірленуші қыз және оның ата-анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Жарақат алған», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алайда кепілге алынған адамның бірі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Енді бірі операция үстелінде көз жұмды. Үшінші адамның жағдайы ауыр.

«​13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйден кепілге алу туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған, бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды.
Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды.
​Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.
Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды.
​Өкінішке орай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде.
​Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
​Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Кінәлі адам заңның барлық қатаңдығымен жазаланатын болады», — деп мәлімдеді артынша облыстық ПД.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)