Ақтөбе облысында кепілге алынған 40 жастағы әйел ауруханадан шықты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, 14 қаңтарға қараған түні ер адам 40 жастағы әйел мен оның ата-анасын кепілге алған еді. Әйелдің егде жастағы анасы мен өгей әкесі пышақ жарақатынан көз жұмды. Ал әйел ауруханада еді. Күдікті әйелдің бұрынғы жігіті екен. Ол әйелмен бірге тұрған.
Әйел ата-анасының көз жұмғанын әлі білмейді. Сонымен қатар ол бүгінгі күнге дейін арнайы операцияның қалай аяқталғанынан да бейхабар. Оны ауруханадан туыстары алып кетті.
«Науқас жалпы жағдайының және денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты ұсыныспен үйіне шығарылды. Одан әрі бақылау тіркелген жеріндегі емханада жүргізіледі», деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру