Ақтөбеде педагогке оқушымен сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау бабымен айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу, анықтау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info nur.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбеде педагогке қатысты жоғары сынып оқушысымен жақын қатынаста болды деген айыппен тергеу, анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп директоры портал тілшісіне аталған жайтқа қатысты түсінік берді.
«Бұл жағдайға қатысты тергеу, анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Жабық түрде болған соң біз бұл туралы ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Ол мұғалім қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Жағдай туралы тиісті органдарға хабарладым», — деді мектеп директоры.
Ал Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 122-бабы, яғни, «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын растады.
ПІКІР ЖАЗУ