Ақтөбеде құлаған және шұңқырға кептелген автокөліктің жүргізушісі бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеп.
Апат салдарынан газ құбыры жарылды. Алтын Орда шағын ауданындағы 508 пәтер газсыз қалды.
Полицияның хабарлауынша, көлік жүргізген 30 жастағы қыз мас күйінде болған.
Оның үстіне, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жүргізуші жеті жылға құқығынан айырылды. Сол кезде Ақтөбе қаласының тұрғыны да мас күйінде көлік жүргізгенін байқаған.
«Көлік құралын мас күйінде жүргізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың санкциясында бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру көзделген», — делінген хабарламада.
Жүргізуші УҰИ-ға қамалды. Автокөлікті арнайы тұраққа қойды.
ПІКІР ЖАЗУ