Ақтөбеде 27,7 миллион теңгелік қағаз ұшақтар орнатылды

t.me/halyqstan

Ақтөбе қаласында кеше Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай маңында екі қағаз ұшақ түріндегі арт-нысан орнатылды, деп хабарлайды ozgeris.info.

5х7 метр көлеміндегі металл ұшақтарды жасау мен орнатумен «ДиМадCompany» ЖШС айналысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсында бастапқыда 37 миллион теңге бөлінгенімен, компания бұл жұмысты 24,7 миллион теңгеге (ҚҚС-сыз) орындауға келісім берген.

Айта кетейік, бұған дейін осы жерде каскадты гүлзар болған. Жергілікті билік инсталляция үшін арнайы дайындық жұмыстарын екі апта бұрын бастап, ұшақтарды бульдозер көмегімен орнатқан.

Дегенмен, антикоррупциялық қызмет өкілдері осындай мемлекеттік сатып алуларда қосымша келісімдер арқылы бастапқы бағадан жоғары соманы мердігерлерге төлеу қаупі бар екенін мәлімдеді. Бұл мәселе Ақтөбе облысындағы бірнеше конкурста анықталған.