Ақтаудағы ұшақ апаты: аман қалған стюардесса көз жасын тоқтата алмады

Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдана Рагимлидің суреті мен видеосын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. Стюардесса делегацияны көргенде, көз жасын тоқтата алмаған.

Айдана — Бакуден Грозныйға ұшқан, бірақ Ақтауға үш шақырым жерде құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында болғандардың бірі. Стюардессадан бөлек тағы бір экипаж мүшесі аман қалды.