Ақтаудағы мәселелерді көрсетпеуімді сұрап ақша ұсынатындар бар — Белсенді Азамат Сәрсенбаев (ВИДЕО)

Фото: жеке парақшасынан

Алматыда кәсіпкерлерді бопсалаған екі блогер қамауға алынды. Осы жайтқа байланысты ақтаулық белсенді Азамат Сәрсенбаев өз пікірін бөлісті, — деп хабарлайды ozgeris.info.

«Алматыда кәсіпкерлерге әлеуметтік желіде «хейт» тудырмау үшін ақша бопсалаған екі блогер ұсталды деген жаңалық фонында мұндай істерде принципшіл болғаныма қуанамын. Маған Ақтаудағы мәселелерді көтермеуді сұрап, ақша ұсынған адамдар болмады дейсіздер ме? Дер кезінде жеке кәсіпке ден қойғаныма қуанамын. Өзімнің кәсібімнің арқасында қаржылай тәуелсізбін», — деді ол.

Азамат Сәрсенбаев өзін қоғам белсендісі болуды арнайы таңдап алмағанын айтты. Бұл істен шаршайтын кездері болатынын да жасырмады. Алайда шегінерге жол жоқ және ол мүмкін емес екендігін жеткізді.

Айта кетейік, Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізіндегі қоқиқаздар мәселесін көтеріп танымалдылыққа ие болған еді. Жыл аяғында Ақтау маңына құлаған Әзербайжан ұшағын дронмен түсірген үшін он күнге қамауға алынды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)