Ақтаудағы бір топ ер адамға зорланған қыздың сұмдық видеосы тарады (ВИДЕО)

Ақтауда фитнес-тренердің зорлануы: жаңа мәліметтер мен ұрлау сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz.

Видеолар мен жаңа мәліметтерді қаза болған бойжеткеннің ағасы ZTB.kz ақпарат порталына баяндап берген.

Маңғыстау облысында қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға болды. 29 жастағы фитнес-тренер Алина ауыр қылмыстың құрбанына айналды. Зорлықтан кейін қыз моральдық ауыртпалыққа төтеп бере алмай, өз-өзіне қол жұмсады.

Алинаның ағасының айтуынша, сол күні ол түнгі уақытта жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан. Спортпен айналысатын қыз жаяу жүргенді ұнататын және қадамдарын санау үшін смарт-сағат қолданатын. Оқиға орнындағы видеоға сәйкес, бірнеше ер адам оған жақындап, оны “есірткі жасырған адам” деп ойлап, ұрып-соғып, күштеп көлікке отырғызған. Жақын маңда тұрған автокөліктің жолаушылары да бұл ұрлауға қатысқан.

Тергеу материалдары бойынша, жәбірленуші қатігез зорлыққа ұшыраған. Отбасының адвокатының айтуынша, ер адамдардың бірі Алинаны зорлап жатқанда, қалған төртеуі оны ұстап тұрған. Қызды мефедрон қолдануға мәжбүрлеген, азаптап, өлтіреміз деп қорқытқан, сонымен қатар оның телефоны арқылы несие рәсімдеген.

Қылмыскерлердің қанынан да мефедронның ізі табылған, бұл олардың қылмыс алдында және кезінде есірткі пайдаланғанын дәлелдейді.

Бірнеше күн өткен соң Алина болған оқиғаны құрбысына айтып береді. Құрбысы оған полицияға арыз жазуға кеңес берген. Алайда көп ұзамай, қыз терезеден секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.

2024 жылдың желтоқсанында айыпталушыларға сот үкімі шықты. Істің басты фигуранты 20 жылға бас бостандығынан айырылса, оның төрт сыбайласы 7 жылдан 8,5 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Алайда Маңғыстау облысының прокуратурасы бұл шешіммен келіспеді.

2025 жылдың 5 қаңтарында прокурор жаза мерзімі мен қылмыстың саралануына қатысты шағым түсірді. Сот талқылауында айыптаушы тарап негізгі айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті.\