Ақтауда әйел адам көпқабатты үйден құлап, мерт болды

Ақтауда әйел адам көпқабатты үйден құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде әйелдің көпқабатты үйден құлаған жерінен бейнежазба жарияланды. Кадрда жедел тергеу тобы оқиға орнына келіп, үйдің жанындағы аумақты сары лентамен қоршап алғанын көруге болады.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 29 тамыздан 30-ына қараған түні 33 шағын аудандағы үйлердің бірінде болған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (суицидке дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді»,- деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора