Әзербайжанның AnewZ телеарнасы 25 желтоқсанда Ақтау түбінде құлаған ұшақтың апаттан кейінгі кейінгі көрінісі туралы эксклюзивті кадрлар жариялады.
Агенттік мәліметінше, ұшақ фюзеляжінің суреттерінен, басқа да суреттерден сырттан килігу әсерінен болған бүліну белгілерін көруге болады. Нақты айтқанда, жарықшақтардың ізі айқын бейнеленген. Бұл кескіндер әуелде айтылған құстармен соқтығысу немесе оттегі баллонының жарылуы сияқты болжамдарға күмән тудырады.
Фото: AnewZ
— Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздің мәліметі бойынша тергеудің алдын ала қорытындысы ұшақты Грозныйға жақындап қалғанда ресейлік «Панцирь-С» әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешенінен ұшырылған зымыран құлатқанын болжайды. Бұған дейін Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев зымыран атылғанын, қандай типті зымыран екені анықталып жатқанын мәлім еткен. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақты Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғанысы Ресей аумағында байқаусызда атқанын мәлімдеді. Әзербайжан басшысы кінәлі тарап айыбын толық мойындап, кінәлілерді жазалауды, құрбандардың өзіне және отбасына өтемақы төлеуді талап етті, — делінген материалда.
Фото: AnewZ
Ақтаудағы ұшақ апатының хронологиясы.
Бұған дейін Ақтау түбіндегі ұшақ апатының себептері қашан нақты айтылатыны белгілі болған еді.
30 желтоқсанда Қазақстан борттағы өздігінен жазғыш құралдарды Бразилияға жіберді.
ПІКІР ЖАЗУ