Ақтау портындағы ауқымды жобаға 20 млрд теңге бөлуді ұмытқан — сенатор

Фото: ҚазТрансОйл

Сенатор Сүйіндік Алдашев үкіметте Ақтау портында биыл басталуы тиіс түбін тереңдету жұмыстарына 20 млрд теңге қарастырылмағанына шағымданды.

Оның айтуынша, су айдынының тереңдігін кеңейту қауіпсіз навигацияны қамтамасыз ету, жүк ағынын ұлғайту және бағыттағы тар жерлерді жою үшін қажет. Бұл шараларсыз Транскаспий бағдарының тұрақтылығына қауіп төнеді, деп есептейді ол.

«Ақтау порты акваториясының түбін тереңдету жобасы 2024-2028 жылдарға арналған теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспарына енгізілді, ал құны 42 млрд теңге болатын жобалық-сметалық құжаттама оң қорытындыға ие болды. Алайда, құны 20 млрд теңге болатын жұмыстардың бірінші кезеңін 2025 жылы бастау қажеттілігіне қарамастан, әлі күнге дейін қаржыландыру бөлінбеген. Бұл жобаның уақтылы іске асырылмауына қауіп төндіреді», — деп атап өтті депутат өз сауалында.