Ақсайда өрттен құтылмақ болған балалар төртінші қабаттың терезесінен секірді

kaztag.kz

10-ықшам аудандағы көпқабатты үйде болған өртте екі бала өмірлерін қатерге тігіп, төртінші қабаттың терезесінен секіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 60 шаршы метр аумаққа тараТЖДған. Өрт сөндірушілер келгенде пәтер ашық жалынмен өртеніп жатқан еді. Үйде адамдар бар екені анықталды.

Куәгерлер түсірген видеода алдымен терезеде үлкен ұлдың көрінгені байқалады. Бірнеше секундтан кейін ол төменде созылып тұрған матаның үстіне секіреді. Келесі болып кішкентай бала секіргенімен, матаның бір шеті құлап кетеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екі бала – 4 және 8 жастағы ұлдар, сондай-ақ 43 жастағы әйел Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың барлығы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Сондай-ақ өрттен 12 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.