77 жастағы зейнеткер полициядан көмек сұрады. Ол 30 жасар немересі қол көтеретінін жатқанын айтты.
Оқиға Сандықтау ауданындағы ауылдардың бірінде болды. Қарт ауыл тұрғыны полицияға ұрыс-жанжал кезінде денесіне зақым келтірген немересінің үстінен шағымданды.
Осы факті бойынша полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанның қылмыстық кодексіне денсаулыққа зиян келтіруге және ұрып-соғуға байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтетін өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Ақмола облысының ІІД.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал денсаулыққа жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу немесе күш қолдану әрекеттері үшін 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.
ПІКІР ЖАЗУ