Ақмола облысында әкімінің орынбасары мен аппарат басшы төбелесіп қалған

төбелес
Фото: shutterstock

Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысының арасында төбелес болды. Екі тарап та әкімшілік сотқа бір-бірінің үстінен арыз түсірген, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары және аппарат басшысы бір-біріне қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

«2024 жылдың мамырында А. мен Б. әкімдік ғимаратында жұмыс орнында бола тұра, жанжал тудырып, арты өзара төбелеске ұласты. Сарапшының қорытындысына сәйкес, олар бір-біріне жеңіл зиян келтірген. Сотта екеуіде өз кінәсін мойындаған жоқ», — делінген хабарламада.

Сот қаулысы бойынша, аудан әкімінің орынбасары және аппарат басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы 1-тармағы бойынша (құқық бұзушылық жасалған сәттегі редакциясында) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың әрқайсына 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…