«Әкесі де, шешесі де жоқ балалар болады екен»: Мейрамбек Бесбаев жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/m_besbaev

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев тыңдарман қауымға жақсы жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Эстрада жұлдызы өнердегі бағын ашқан “Бозторғай” әніне қатысты сөз қозғады.

“Ақын Әбдірахман Асылбековтің сөзіне жазылған, Алтынбек Қоразбаев көкемнің “Бозторғай” әні 36 жылдан кейін елмен қайта қауышып отыр. Ақберен Елгезек досымның түсірген “Болмаған балалық шақ” фильмінің саундрегі ретінде ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар! Баршаңызды осы бір ойлы, тәрбиелік мәні зор фильмді бала-шағаларыңызбен бірге барып көруге шақырамын, ағайын!”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, өнер иесі ән үшін жетімдер үйіне барғанын айтқан еді.

“Мен бала күнімде “Бозторғай” деген әнді айтқанмын. Жетім баланың зары мен мұңын суреттейді. Сол кезде Алтынбек көкем жетімдер үйіне алып барған. Әнді түсініп айтсын деген ниеті болуы керек. “Мына балалардың әкесі де, шешесі де жоқ” дегенде өмірде әке-шешесі жоқ балалар да болады екен ғой деп қатты таңғалғаным бар”, – деп жан сырын ақтарған еді эстрада жұлдызы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 𝐌𝐄𝐈𝐑𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 𝐁𝐄𝐒𝐁𝐀𝐄𝐕 (@m_besbaev)