Әншінің продюсері Гүлзира Айдарбекова жеке парақшасына видео жүктеп, шетелдік тыңдарманға алғыс айтты.
“Жүректен шыққан ән жүректерге жетеді. Әлемді араламасақ та, шетелдіктер өздері іздеп әндерін шырқап жатқаны, ана жүрек болған соң, жүрегіме қуаныш орнататыны анық. Жақында бір танысым, “Гүлеке ұлым комаға түсіп, жүрегіне ота жасалды. Бұрын Қайраттың әндерінің сөздеріне үңіліп, мән бермеген екенмін. “Ауырмайды жүректен” бастап тоқтай алмай бүкіл әндеріне мән беріп тыңдадым. Адам басына түспей білмейді екен, бірақ айтайын дегенім, жүрегім қарс айрылып отырғанда әндерінен жүрегіме ем таптым” деп ағыл-тегіл жылап алды. Құшақтап жұбатамын деп, өзім де, жанымдағы қыздар да әбден жылап шер тарқатып алдық. Салғым-ақ келді инстама, бірақ ол танымал әйел болғандықтан тарап кетеді деп ренжіп қала ма деп сала алмадым. Жүректер жараланбасыншы. Бұған дейін де Қайраттың әндері мені емдеді дегендер көп болды. Кім қандай ойда?!”, – деп оқырманға сауал тастады.
Фото: kair_n
ПІКІР ЖАЗУ