Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтан бүгінге дейін тәркіленген ақша мен мүліктердің тізімі жарияланды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Боранбаевқа үкім шығарылған кезде сот кәсіпкерден мемлекет кірісіне:
— құны 686 млн теңгені құрайтын Алматы қаласындағы «Esentai mall» сауда орталығы мен «Esentai tower» бизнес орталығының арасындағы учаскесі бар екі қабатты коммерциялық ғимарат;
— Халық банкінде есепшотына орналастырылған 1,3 млрд теңге;
— Халық банкінде есепшотына орналастырылған 5,7 млн доллар (2,7 млрд теңге);
— Халық банкіндегі есепшотынан 1,17 миллион доллар (560 миллион теңге);
— Халық банкіндегі есепшотынан 756 млн теңге;
— Халық банкіндегі есепшотынан193 млн теңге ақша тәркіленді.
Боранбаев табиғи газды әкелу кезінде ақша ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында 14,5 миллиард теңге материалдық шығынды өтеді.
Сонымен қатар, Боранбаев жалпы құны 90 миллиард теңгеден астам мүлкін өз еркімен мемлекетке қайтарды. Олардың ішінде:
— өндірістік параметрлері 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газды құрайтын 143 ұңғыма, болжамды құны 35,4 млрд теңгені құрайтын «Солтүстік Қаражанбас» мұнай кен орны;
— нарықтық құны шамамен 14 млрд теңгені құрайтын тауарлық газды тасымалдау және сатумен айналысатын «Азия Газ Чунджа» газ тарату компаниясы;
— сметалық құны тоғыз миллиард теңгеден асатын «ҚазТурбоРемонт сервис орталығы» мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты;
— Астананың орталығында орласқан құны 1,4 миллиардтан асатын 4 жұлдызды қонақ үй;
— «Алмалы» сауда-ойын-сауық кешені, Fitnation фитнес-орталықтар желісі, Almaty towers бизнес орталығындағы кеңсе бөлмелері, барлық нысандардың жалпы құны 33,8 млрд. теңге.
Сондай-ақ Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион доллар (30 миллиард теңге) аударды.
ПІКІР ЖАЗУ