Бірнеше ай бұрын боксшы Жанқош Тұраров композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәліні тұрақты түрде бірнеше жыл бойы зорлаған деген күдікке ілінген еді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ләззат Ахатованың айтуынша, Әнару Құрманәлі өзіне психологиялық көмек көрсеткен Айнұр Тұрсынбаеваны соңында Жанқош Тұраровтың әйелінің сыбайласы етіп шығарған.
“Психологқа да жібердік. Айнұр (Тұрсынбаева) жаны ауырып, Қалдыбек ағамыздың перзенті ғой деп, мықты психолог маманның 10 сеансына (бір курс) өз қалтасынан ақша шығарып, төлеп те берді. Оны (Айнұрды) ақырында Тұраровтың әйелінің сыбайласы етіп шығарды. Басқа басқа, Айнұрдың адамгершілігіне риза болып, басымды иіп едім. Ақырында қатты ұялып қалдым”, — дейді ол.

ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру