Айнұр Тұрсынбаева бастаған блогерлер Нұртас Ерболұлы есімді сәбидің еміне қажетті 1 миллиард теңге жинап берді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
«Қазақ елінде тағы 1 сбор жабылды! Тағы да миллиард! 2 айда қарапайым халықтың көмегімен 2 миллиард сборды жауып ТМД елдерінде болмаған рекорд жасадық. Бұл жай ғана ақша емес, бұл – өмір. Бұл болашағымызға салынған инвестиция! Атымтай жомарт, ақжүрек оқырмандарыма басымды иіп алғыс білдіремін. Оразаларыңыз қабыл болсын!» — деді өнер иесі.
Айта кетейік, Нұртас Ерболұлына сирек кездесетін арқа бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Баланың еміне құны 1 млрд теңге тұратын әлемдегі ең қымбат Zolgensma препараты қажет.
ПІКІР ЖАЗУ