«Айлығы 20 млн теңге». Футболшының әйелі күйеуі үшін жауап берді

Шымкенттік «Ордабасы» клубының және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің жұбайы Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің сынына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құраманың капитанының жары – Махаббат әлеуметтік желіде Асхат Тағыбергеннің ойын сәттерінен видео жариялады.

Футболшының жұбайы жанжалға араласқысы келмейтінін, бірақ әділетсіздікке де төзе алмайтынын жазды. Сондай-ақ Махаббат жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Әйелі ретінде мен Асхаттың футболға қосқан үлесімен және әділ ойнап, бар күшін салғаны үшін мақтанамын. Ешкіммен айтысып, салғыласпаймын, бірақ әділетсіздікке үнсіз қалу да дұрыс емес. Әр жанкүйерді құрметтеймін, бірақ бір маусыммен ғана баға бермей, жақсы сәттерді ұмытпайық. Қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз! – деп жазды капитанның жары.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындарымен кездесу кезінде Асхат Тағыбергенге қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, футболшы дұрыс ойнай алмай жүр, бірақ командадан да кеткісі келмейді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...