17 ақпанда әлемге әйгілі америкалық Rolling Stone журналында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің DIAFA-2024 марапатын иеленгені туралы мақала жарияланды. Басылым Димаштың халықаралық деңгейдегі ықпалын ерекше атап өтті, — деп жазады Ozgeris.info.
2024 жылдың қараша айында Дубайда өткен Arab Festivals Awards (DIAFA) халықаралық марапаттау рәсімінде Димаш Құдайберген беделді жүлдеге ие болды. Талабы жоғары марапатты тағайындау барысында 25 журналистен тұратын комитет өз саласында елеулі үлес қосқан тұлғаларды таңдады.
«Димаш DIAFA марапатын алған алғашқы Орталық Азия әртісі атанды. Бұл оның жаһандық музыка индустриясындағы ықпалының жоғары екенін дәлелдейді. Ол халықаралық деңгейде танылған көшбасшылардың қатарына енді», — деп жазылған Rolling Stone журналындағы мақалада.
Салтанатты рәсім барысында Димаш «Stranger» композициясын орындаған еді. Классика, поп және қазақтың дәстүрлі музыкасын үйлестірген әншінің ерекше өнері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Жарқырай бер Димаш