Air Astana әуе компаниясы 2024 жылдың ақпанында GitHub сайтында жарияланған қазақстандықтардың жеке деректерінің шығу ықтималдылығы туралы хабарларына жауап ретінде тексеру қорытындысы бойынша жолаушылар туралы деректердің бұзылмағанын растады, деп хабарлайды әуе компанияның баспасөз қызметінен.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұзушылықтарды жою туралы бір жылға шығарылған ұйғарымының дербес деректер мәселелеріне қатысы жоқ.
«Air Astana ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жоғары халықаралық стандарттарды және, озық технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, өз клиенттері туралы ақпараттың құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін үнемі жұмыс істейді. Компания реттеуші талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөледі және болашақта ықтимал тәуекелдердің алдын алу үшін бақылаушы органдармен диалог пен ынтымақтастыққа ашықтығын атап өтеді», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Фото: orda.kz
ПІКІР ЖАЗУ