Air Astana Алматы-Дубай-Алматы бағыты бойынша 17 сәуірге жоспарланған КС897/КС898 рейстері Дубай әуежайының жабылуына байланысты тоқтатылатынын хабарлады.
«Жолаушылар билеттерді басқа күндерге қайта брондай алады немесе сатып алу орны бойынша құнын қайтара алады.
Астана-Дубай бағыты бойынша 17 сәуірдегі КС205 рейсі бару пункттегі әуежайдың жабылуына байланысты Фуджейра қаласының әуежайына қонды. Дубайға ұшу уақыты 18 сәуір жергілікті уақыт бойынша 08:20–ға жоспарланған. Дубай-Астана бағыты бойынша КС206 рейсі жергілікті уақыт бойынша 18 сәуір 10:00–ге ауыстырылды» делінген хабарламада.
Дубайға ұшу кестесінде басқа өзгерістер болып жатса, әуекомпания қосымша хабарлайды.
Әуежайға барар алдында әуекомпанияның ресми сайтында рейстің статусын тексеріп алған жөн.
ПІКІР ЖАЗУ