«Айлық көбейеді». Астрологтар 2025 жылға болжам жасады

2025 жыл – Қазақстан үшін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай жыл болады». Астрологтар келер жылға осындай болжам жасап отыр. Жылан жылы қарапайымдық пен сабырлықты жақсы көреді дейді олар, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Жылан жылы ақыл-парасаттың, сақтықтың және терең ойдың символы. Жалпы, Жылан әдептілікті, қарапайымдылықты, сабырлықты жақсы көреді. Ал жаңа жыл дастарқанына 12 түрлі ас мәзірін қойсаңыз болады. Жылан негізінен ағарған өнімдерді жақсы көреді. Сондықтан сүттен жасалған тағамды көбірек қойған жөн. Жаңа жыл түні қызыл, көк, жалпы қанық түсті киім киюдің қажеті жоқ», — дейді эзотерик, астролог Аделина Панина.

Арна тілшілерінің ақпаратынша, оның орнына жасыл, қоңыр, ашық түсті киім киген дұрыс екен. Сондай-ақ мамандар дастарханға неғұрлым көкөністі көп қойсаңыз, соғұрлым молшылық болады деп сендіреді.

Жалпы, Жылан жылында білім, ғылымға, рухани дамуға ерекше көңіл бөлген абзал. Бір сөзбен айтқанда, экзотериктер бұл жылды «тәжірибені шыңдау жылы» деп атайды. Яғни, тұрақты жұмысы бар жандардың біліктілігі арта түсіп, айлығы көбейеді. Кәсібі бар азаматтардың да айы оңынан туады. Көріпкелдер жаңа жылдың бастапқы алты айы баяу өтіп, бұл жаңа бастамаларға түрткі болатынын айтады. Ал қалған жартыжылдық көзді ашып жұмғанша жылдам өтіп, қаржылық жағдайдың жақсаруына негіз болады екен.

Хайуанттар бағындағы мамандар жыланның ерекше күтімді талап ететінін айтуда.

«Жыландардың 34 түрінің 69 басы бар. Оның ішінде питон, торлы питон, жолбарыс питон, айдаһар, қара шұбар жылан және ақ жылан, кобралар да бар, жыландар бар. Көп шуды ұнатпайды, адамдар тобырын ұнатпайды. Олар көбінесе тығылып, жасырын өмір сүргенді ұнатады. Жыландар күнде тамақ жемейді, аптасына бір рет қана, одан кейін соны бір апта қорытып жатады», — деді Алматы хайуанаттар бағының даму бөлімі меңгерушісі Ақжами Рахымова.