Музыкант Азамат Сыздықов (thekitchensongs) әлеуметтік желілерде бейтаныс қыздарға, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға ұятсыз хаттар жазатыны белгілі болды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл туралы @horizonoffeelings TikTok парақшасында айтылған. Пост авторы дәлел ретінде хаттардың скриншотын көрсетіп, әншінің құрбаны болған басқа қыздар да өз оқиғалары туралы айтып бастады.
«Пәктігіңнен қалай айырылдың?», «Пәктігіңнен айырылуға дайынсың ба?», «Фигураң әдемі екен, сенмен қыдыратын едім, бірақ әйелім бар», «Бірінші сүйісуіңді қалай елестетесің?», деп жазған әнші қыздарға.
Парақшаның авторы әнші туралы өз пікірін айтты.
Ол кәмелетке толмаған қыздар мен әйелдерге хат жазды. Маған жіберген барлық хат алмасулар, қыздардың скриншоттары жалған емес, маған одан не пайда? Егер қазір айтпасақ, қашан? Егер бәрі үндемесе, онда ол одан әрі қыздарға әдепсіз сұрақтар қойып, хат жазады. Егер осы қыздардың орнында сіздердің қарындастарың мен қыздарың болса, үндемей отырар ма едіңіз? Мен оны жайдан жай айтып отырған жоқпын, өмірде мәселе әйелдерге қатысты болса, біз жиі байқалмаймыз. Мұндай жағдайда қыздар неге үндемеуі керек?, деді автор.
Әнші посттардың бірінде «Бәрібір жауап беруге тура келеді. Сотқа шақыру қағазын күт» деп пікір қалдырып кетті.
Фото: tiktok/horizonoffeelings
ПІКІР ЖАЗУ