«Еркекті каблуктың астына салып тастаған»: Айнұр Жүгінісова әйелдердің кемшілігін айтты

Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер, актриса Айнұр Жүгінісова Айнұр Ілиясованың «MOMski әңгіме» подкастына сұхбат беріп, әйел мен еркектің тең емес екенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Ер азаматтарға мінез керек. Ал біз оларға әйелдің мінезін көп береміз. Содан кейін олар өз-өздерін таба алмай қалады. Содан кейін де оған еркектік мінез салуымыз керек. Ер азаматым деп қарасаң, ол саған еркек болып келеді. Әйелдер көбіне каблуктың астына салып тастаймыз ғой. Каблуктың астындағы еркекті көрген бала қандай болады? Каблуктың астына салу дегеніміз еркекті мойындамау, оны өзіңнен төмен сезіну. Сенің тапқаныңды мен де таба аламын деу. Осылайша қазір әйел мен еркек жарысып келе жатырмыз. Ал біріксек, үлкен империя құруға болатынын түсінбей жатырмыз», — деді продюсер.

Ол қоғамды қалыптастырстын отбасы екенін, дұрыс отбасы қалыптаспаған кезде, әрине хаос болатынын айтты.

«Заң бойынша, құқық бойынша әйел мен еркек теңбіз. Ал табиғи жаратылыс бойынша біз тең емеспіз. Алла тағала бірінші ер азаматты жаратты. Сосын оның жанын тыныштандыру үшін әйелді оның қисық қабырғасынан жаратты. Ал қазір біз олардың жанын тыныштандырудың орнына миын айналдырып жіберетін абьюзерге айналдық. Көп әйелдер абьюзерге айналып кеткен», — деді ол.

Жүгінісова оған әйелден келіп, күйеуі ұратынын айтып шағымданатынын, бірақ сағаттап сөйлескен соң күйеуін аяп жылайтынын, себебі өзінің қысым жасайтынын түсінетінін жеткізді.